Қарағанды көлік-технологиялық колледжі бай тарихы мен терең дәстүрі бар білім беру мекемесі. 50 жыл бойы жұмыс жасап келе жатқан колледж облыстағы техникалық кәсіби білім беретін мекемелерінің көшбасшылары қатарында. Жарты ғасыр уақыт ішінде колледж көлік саласындағы білікті мамандардың бірнеше тоқынын дайындап шығарған. Бүгінде 10 000-нан астам түлек еліміздің игілігі үшін нәтижелі еңбек етуде.
Колледж еңбек нарығында үлкен сұранысқа ие «Автомобильдік транспортқа
техникалық қызмет көрсету, эксплуатация және жөндеу жұмыстары», «Дәнекерлеу
ісі», «Жол-құрылыс машиналарының техникалық эксплуатациясы», «Автоматтандыру
және басқару», «Теміржол көлігіндегі қозғалысын басқару мен тасымалдауды
ұйымдастыру», «Ауа көлігінің эксплуатациясы мен қозғалысын басқару»
мамандықтары бойынша кәсіби қызметкерлерді дайындайды. Колледж студенттері бір
уақытта бірнеше еңбек біліктілігін иелене алады. Бұл оларға болашақта жұмысқа орналасуларына
үлкен септігін тигізеді.
Студенттер«Теміржол көлігіндегі қозғалысын
басқару мен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығының зертханасында бейіндік пәндер
бойынша зертханалық және практикалық жұмыстарды орындайды. Сондай-ақ білім алу
барысында жобалау да жүзеге асырылады. Шеберханалар мен зертханалар заманауи
арнайы жабдықтармен қамтамасыз етілген. Десе де колледждің басты мақтанышы –
оқытушылар құрамы.
Мұндағы студенттер
біркісідейҚарағанды
көлік-технологиялық колледжінің тәрбиеленушісі мен түлегі атану абыройлы және
мәртебелі екендігін айтады.