Авторизация все шаблоны для dle на сайте newtemplates.ru скачать
Общественное
Интернет-телевидение
101tv.kz
 

Қазақстанда эксклюзивті білім беру жобасы жұмысын бастады.

 
 
«Өрлеу» ұйымы 10 жыл уақыт ішінде мол тәжірибе жинады. Компания білім беру саласында 10 эксклюзивті цифрлы жоба дайындаған. Және елімізде теңдесіз отандық ақпараттық жүйелер жасаумен айналысып келеді. Қарағанды облысы мен Ақтөбе, Астана, Орал қалаларының 630-ға жуық білім беру мекемелерінде «Білімал» теңдесіз ақпараттық-білім беру жобасы іске қосылды.
 
Шолпан Әлімжанова, «Білімал»креатив бойынша директоры:
Ата-аналар мұғалімдер секілді оқушылардың жұмысын үнемі бақылай алады. Олар кез-келген уақытта баласының не оқып жатқанын, қай тақырып бойынша қиындықтар туындағанын және оқушыға үздік атану үшін не кедергі екенін біле алады. Алдағы уақытта тәрбиеші жалдап, оқушының әлсіз тұстарын білетін болады.
 

«Электронды мектеп» жобасының басты өнімдері Edu-Mark және GradeApp мобильді қосымшаларында қолжетімді «Электорнды журнал» және «Электорды күнделік» бағдарламалары болып табылады. «Электорнды журнал» ҚР БжҒМ стандарттарына сай келеді және құжаттың қағаз жүзіндегі нұсқасын алмастыруға мүмкіндік береді. Оның «GradeApp» мобильді аналогында сабақ кестесі мен бағаларды көру және push-хабарлама қызметтері қолжетімді.

скачать dle 10.5фильмы бесплатно
Оставить комментарий
Яндекс.Метрика