Қай заманда болмасын мұғалім мамандығы мәртебелі және құрметті саналған. Бірақ ұстаздық қызметтің ең күрделі екендігі де көпшілікке белгілі. Татьяна Владимировна Мельникова, қырық жылдан астам педагогика саласында еңбек етеді. Оның мыңдаған сағаттық тәжірибесі бар. Жүздеген шәкірттің алғысына бөленген. Қарағанды облыстық №3 арнайы мектеп-интернатында орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі болып жұмыс жасайды. Саналы ғұмырын білім беруде арнайы қажеттілігі бар балаларға оқу мен жазуды және өз ойларын еркін жеткізуді үйретуге арнаған.
Татьяна Мельникова, арнайы білім беру қажеттіліктері бар балалардың орыс тілі және әдебиеті мұғалімі: Түзеу мектеп мұғалімі - бұл ерекше мамандық. Мұнда мұғалімнің мейірімді ғана емес көре алатын жүрегі болуы міндетті. Мұғалім балалардың көздерінен-ақ неге мұңайғанын немесе бақытты екенін білуі тиіс. Көреген жүрек түзету мектеп мұғалімінің басты артықшылығы.
Татьяна Мельникова – қазақ әдебиеті бойынша мемлекеттік және орыс тілдеріндегі сегіз оқулықтың авторы. Оның оқу-әдістемелік құралдарының ерекшелігі - қазақ ақындары мен жазушыларының шығармаларын оқушыларға түсінікті түрде етіп берілгендігінде. Балалар әңгімелерді оңай оқиды, жатқа айтып бере алады, тіпті қысқаша мазмұндама да жаза алады.
Татьяна Мельникова, арнайы білім беру қажеттіліктері бар балалардың орыс тілі және әдебиеті мұғалімі: Жұмыс өте қиын болды. Мен көп әдеби шығармаларды оқып шығып, балаларда таңданыс тудырады деген әңгімелерді таңдағанымды қайталап айтамын. Бұдан бөлек материал бойынша жұмыс жасаудың әртүрлі формалары керкек болды. Мәселен, Мұхтар Әуезовтің «Жетім» әңгімесі бар, бала тағдыры жайындағы әңгіме қайғылы аяқталады. Түзеу мектебі үшін, оқиғаның қайғылы аяқталуы мүлдем қолайсыз деп санаймын. Сондықтан біз әңгімемізді аяқсыз қалдырдық. Кейіпкердің өлетін жерін алмауға шешім қабылдадық. Оның орына біз оны мейірімді адаммен кездестіретін оқиға желісін құрастырып, балаларға осы әңгімені өздері аяқтауға тапсырма бердік.
Татьяна Владимировна үшін басты көрсеткіш оның шәкірттерінің жетістіктері. Оқуды, жазуды білмеген балалар жақсы нәтижелер көрсете бастаған. Оқуды үйреу арқылы балалар әдебиеттің сиқырлы әлемімен танысуда.
Дмитрий Вировец, №3 облыстық арнайы мектеп-интернатының 10 сынып оқушысы: Менің мұғалім маған баспа әріптерін жазба түріне ауыстыруға көмектесті. Мен бірнеше әріпті дұрыс айта алмағандықтан менің сөйлеу қабілетімді дамытуға көмектесті. Оқу біліктілігімді арттыруға да көмектесті. Менің оқу жылдамдығым минутына 98 сөз. Ал бұрын мен буындап қана оқитынмын.
Балалар өз тәрбиешілерінің жанында жиналып, сабақ оқуға үлкен құлшыныс танытса бұл бір ғана мағына бере алады. Татьяна Владимировна - шебер ұстаз, өз кәсібінің нағыз маманы. Ол балаларға өмір сүруге қажетті білім береді. Олардың жетістіктерін көріп, атқарылған жұмыстардың нәтижелі болғандығына көз жеткізуге болады.
Станислав Литовченко, №3 облыстық арнайы мектеп-интернатының 10 сынып оқушысы: Ол кісінің арқасында біз жазу мен оқуды үйрендік. Осы сыныпта және осы кабинетте оқыған әрбір оқушы біз секілді жазу мен оқуды үйренгісі келеді. Бастысы осы.
Татьяна Владимировна бүгінгі заманның педагогтары алдыңғы буын ұстаздардың озық қасиеттерің өз бойында ұштастырулары керек деп санайды.
Татьяна Мельникова, арнайы білім беру қажеттіліктері бар балалардың орыс тілі және әдебиеті мұғалімі: Мен өткен кезеңдегі мұғалімдердің тұлғаларына қарап бой түзеймін. Соларға сай болуға тырысамын. Бұл шыдамдылық, қамқорлық, балаларға деген махаббат, білімділік.
Татьяна Владимировнаға бүгінде өзінің бұрғыны түлектері балаларын жетектеп келіп жатады. Жеткен жетістіктерімен бөліседі. Оларға өмірде аса қажетті білім бергені үшін, бар білгенін үйреткені үшін ұстазға үлкен алғыстарын білдіріп жатады.