Қарағандыда «Жасыл Ел» жастар еңбек жасақтары мен студенттік құрылыс отрядтарының кезекті еңбек маусымының жабылу салтанаты өтті. Елімізде «Жасыл Ел» бағдарламасы жүзеге асқаннан бері 200 мыңнан астам адам еңбекке тартылған. Қазақстанның жастары 44 миллионнан астам ағаш отырғызды. Ең бастысы – жас азаматтар маусымдық жұмыс жасап, өз еңбектері үшін жалақы алады.