Авторизация все шаблоны для dle на сайте newtemplates.ru скачать
Общественное
Интернет-телевидение
101tv.kz
 

1 қыркүйекте Қазақстанда тек 780 мың мектеп оқушысы партада сабақ оқитын болады

1 қыркүйекте Қазақстанда тек 780 мың мектеп оқушысы партада сабақ оқитын болады.Олардың барлығы кішігірім білім беру мекемелерімен қатар бастауыш сынып оқушылары. Ал қалған екі жарым миллионнан астам шәкірт қашықтықтан білім алуға мәжбүр болады.


 

Оқу жылының басталуына дейінгі соңғы мәліметтерді Асхат Аймағамбетов жариялады. Білім және ғылым министрі қолданыстағы тәсілді «гибридті» деп атады. Оның айтуынша, қабылданған схема эпидемиологиялық жағдайға байланысты оқу үдерісін жылдам реттеуге мүмкіндік береді. Және ол қазіргі жағдайды қатысты да мәлімдеме жасады. Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрі:


 

- 1-4 сынып оқушылары ата-аналарының қалауы бойынша кезекші сыныптарда оқи алады. Шәкірттердің 60 пайызға жуығы дәстүрлі режимде оқитынын көріп отырмыз. 7 мың мектептің 3 мыңға жуығы әдеттегідей жұмыс істейтін болады.

скачать dle 10.5фильмы бесплатно
Оставить комментарий
Яндекс.Метрика