Авторизация все шаблоны для dle на сайте newtemplates.ru скачать
Общественное
Интернет-телевидение
101tv.kz
 

Теміртауда президенттік олимпиада басталды

 
 

Жас зияткерлер арасындағы жарыс. Теміртауда мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 11 сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша президенттік олимпиада басталды. Бұл балалар барлық мектеп пәндерінің ішінде ең нақты және тиімділерін таңдағандар. Оныншы мерейтойлық олимпиаданың еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев оқыған Қарағанды мемлекеттік индустриалды университеті қабырғасында өтуі де үлкен маңызға ие.

 

Шолпан Қирабаева, ҚР БҒМ "Дарын" Республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры:

Теміртау – президенттің еңбек даңқы шыққан жер, бұл мемлекет басшысы білім алып, қызмет атқарған ВТУЗ қазір Қарағанды мемлекеттік индустриалды университет. Біз балаларымыз осыны көріп, білгенін қалаймыз.

 

Олимпиаданың ашылу салтанатына мемлекет басшысының замандастары мен бұрынғы әріптестері қатысты.

 

Нина Вахитова, Президенттің замандасы:

Ол болашақты көретін адам. Ол бүгінгі күнгі жетістікпен тоқтап қалмайды. Біздің халқымыздың игілігі үшін үнемі болашаққа ұмтылады.

 

Олимпиадаға 14 облыстан және республикалық маңызы бар екі қаладан келген оқушылар қатысуда. Үміткерлердің барлығы да еліміздің ең мықты мектептерін намысын арқалап келгендер. Зияткерлік сайысқа қатысу құқығына тест тапсырмаларын сәтті тапсырып, эссе жазу кезеңдерінен өткендері ғана ие болды. Алғашқы сынақтардан сүрінбей өткендерді одан да күрделі және қызықты сынақтар күтеді.

 

Шолпан Қирабаева, ҚР БҒМ "Дарын" Республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры:

Балалар университетте өтетін теориялық және практикалық екі кезең жұмыстарынан бөлек, Тұңғыш Президент мұражайына да барады.

 

Қатысушылардың әрқайсысы жаратылыстану-математикалық бағыттағы төрт пән бойынша тапсырмаларды орындауы тиіс. Олардың жұмыстарын құрамында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-де мен М.Ломоносов атыдағы Мәскеу мемлекеттік университеті ғалымдары мен оқытушыларынан құралған әділқазылар алқасы бағалайтын болады. 12 жылда аталмыш олимпиадаға 1226 оқушы қатысты. Олимпиаданың жеңімпаздары әлемнің беделді университеттерінің студенттері мен түлектері атанды. Биылғы Олимпиаданың жеңімпаздары республиканың үздік жоғары оқу орындарының білім гранттарын иелену конкурсына қатысқанда үлкен артықшылақтарға ие болады.

скачать dle 10.5фильмы бесплатно
Оставить комментарий
Яндекс.Метрика