Авторизация все шаблоны для dle на сайте newtemplates.ru скачать
Общественное
Интернет-телевидение
101tv.kz
 

Облыс әкімінің орынбасарын ел не үшін табалады?

 
 

Облыс әкімінің орынбасарын ел не үшін табалады?

 
 
 
 

"Әйелді табалап, мысқылдап жатыр. Ол ана ғой. Үұят емес пе" деген де пікірлерді оқып, еріксізойланады екенсің.

Сонда мемлекеттік қызметтегі әйел пара алса, жең ұшымен сыбайласып жемқорлыққа жол берсе, ешкім жұмған ауызын ашпай отыруы керек пе?

 

Мемлекеттік қызметке бардың ба, мемлекет мүддесін қорға.Мемлекетіңнің мәселесін шеш. Қызмет орныңда ешкім саған әйел, ана деп қарамайды. Әйел, ана болсаң, ол үйдегі ролің.

 

Кезінде Жапонияның премьері, ол да әйел затынан болатын, жемқорлықпен ұсталғанда бар әлем шулады. Жапондарды қоспағанда. Ал, шығыстағы Қытайда ештеңеге қарамайды, жемқорлықпен аяғыңды жаза бастың ба? Біттің! Атады да тастайды.


Өйткені, Заң адамныңнәсіліне, жынысына қарамайды.

Ал табалау, мысқылдау қайдан шықты? Осы әйелдің жағымпаздықпен, жемқорлық жайлы жалған пафоспен желпіне сөйлеген сөздерінен шықты.


Жемқорлық қарапайым халықтың кеңірдегінен келгелі қашан! Кешелі бері Хаменованың уақытша тергеу изоляторынан шығарылуы туралы әңгіме әлеуметтік желіні кезіп жүр.

 

Мұның әрғы жағында өздерінің адамдарын "өкпеге қиса да, түрмеге қимауы", немесе, жемқорлыққа қатысты қылмысы мойындалған жағдайда тәркілеуге жататын дүние-мүлкін "реттестіру мүмкіндігін" беруі жатуы кәдік. Ақтап алу өз қолдарында. Бірақ, ол - қауіпті. Өйткені мұның артында халық пен биліктің арасындағы өлер-өлмес сенімі тұр...

скачать dle 10.5фильмы бесплатно
Оставить комментарий
Яндекс.Метрика