Авторизация все шаблоны для dle на сайте newtemplates.ru скачать
Общественное
Интернет-телевидение
101tv.kz
 

«Трилистник» жыры неге аяқталар емес? Ұзаққа созылған № 4 үй неге тапсырылмай жатыр?

 

«Трилистник» жыры неге аяқталар емес? Ұзаққа созылған № 4 үй неге тапсырылмай жатыр?

 


Бірер күн бұрын қала әкімінің аппараттық жиналысында қала құрылысы мәселесі талқыланған болатын. Кездесу барысында қала әкімі Ермағанбет Бөлекпаев «Трилистник» тұрғын үй кешенін тезірек тапсыруды бұйырды.

Қарағанды қаласы құрылыс бөлімінің басшысы Мұрат Камалиев баяндамасында жыл соңына дейін 61 мың шаршы метр тапсырылатынын атап өтті. 


- Олардың қатарында «Панель центр» 1 және 2 үй ,  «Трилистник» 8 үй тапсырылатын болады, - деді Камалиев мырза.

Қала әкімінің "нақты қашан тапсырылады?” деген сауалына: "осы аптада құжаттарға қол қойылып, техникалық паспорты дайындалады” деп жауап берді.

Бөлекпаев мырза «Трилистник» тұрғын үй кешенінің №4 ғимаратын аяқтап, тапсыруға қаражаттың жеткілікті екенін атап өтті.

- Барлығы үш үй қалды. Ұзаққа созылып кеткен. Осы жылдың соңына дейін бітіруіміз керек, - деген тапсырма берді шаһар басшысы.

«Трилистник» тұрғын үй кешенінің № 4 үйі әлі күнге дейін иелеріне тапсырылмай отыр. Бұның басты себебі көпқабатты үйлердің салынып бітпегендігі.

№4 үй 2020 жылдың қазан айында пайдалануға берілуі тиіс еді. Дегенмен, әкімдік пен құзыретті органдардың табалдырығын тоздырған пәтер иелерінің мәселесі әлі күнге дейін шешілген жоқ.

Тұрғындар "құрылыс бөлімі не себепті мердігер компаниядан құрылысты тезірек аяқтауын талап етпей отыр?” деп әлеуметтік желіні де, БАҚ-ты да біраз дүрліктірген болатын.


Баспанасын айлап емес, жылдап күтіп жүрген қараша халық шаршады.

Ratel.kz сайтының жазуы бойынша,
№4 үйдің құрылысын аяқтау үшін мердігерге небәрі 220 млн қаражат керек екен. Егер де қала құрылысы басқармасы аталмыш соманы дер кезінде төлесе, тұрғындар 2020 жылдың аяғында қоныс тойларын жасаған болар еді.

Осылайша аталған іс бойынша мердігердің айтып отырғаны дұрыс болып отыр.


Естеріңізге сала кетсек, былтыр ғана пайдалануға берілген тұрғын үй кешенінің кейбірінде ақау табылып, халық дабыл қаққан болатын. Ол кезде халықтың мазасын жылудың жоқтығы мен радиаторлардан судың аққаны қашырған.


Мемлекеттік тапсырыс бойынша салынып жатқан «Трилистниктің» сапасының нашарлығы ма бұл? Сондай-ақ, бюджеттен де аз қаржы бөлінген жоқ. Қарашаның өз үйлеріне жете алмай отырғандығын айтпағанның өзінде, бұл кешен сапасы төмен үйлердің тағдырын қайталай ма деп қорқасың.


Қарнының ашқанынан емес, қадірінің қашқанынан жылап жүрген халық  пәтерлеріне осы жылдың аяғында қоныстанар ма екен? Біздің назарда!

скачать dle 10.5фильмы бесплатно
Оставить комментарий
Яндекс.Метрика