Авторизация все шаблоны для dle на сайте newtemplates.ru скачать
Общественное
Интернет-телевидение
101tv.kz
 

Тіл саясаты комитеті қазақ тілін дамыту үшін қандай шара ұйымдастырып жатыр? Облыс аумағында қанша тегін оқыту орталығы бар?

 

Тіл саясаты комитеті қазақ тілін дамыту үшін қандай шара ұйымдастырып жатыр?  Облыс аумағында қанша тегін оқыту орталығы бар?

 

 

 

Тіл саясаты комитеті қазақ тілін дамыту үшін қандай шара ұйымдастырып жатыр?  Облыс аумағында қанша тегін оқыту орталығы бар?


Әр жыл сайын Тіл саясаты комитетіне қазақ тілінің мәртебесін көтеру, дамыту үшін ел бюджетінен миллиондаған қаржы бөлінеді. Оның барлығы қайда кетіп жатыр деген сауал туындайтыны сөзсіз.

Қаржы әлеуметтік маңызы бар әдебиет шығаруға жұмсалады. Соңғы екі жылда тіл саясаты комитеті осындай кітап шығаруға 1,6 млрд теңге жұмсаған.


Ал, қазақ тілін тегін үйрететін үйірмелерге небәрі 30 мың теңге кетеді.

Тілдер саясаты комитетіне не маңызды болғаны?


Осыған орай Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының , тілдерді дамыту және үйлестіру жұмысы бөлімінің басшысы Айнұр Қалиевамен сұқбаттасқан болатынбыз.


Оның айтуынша кейінгі жылдары тіл оқыту курстарына мемлекеттік қызметшілермен қатар халыққа қызмет көрсететін ұйымдардың (Қазпошта, ХҚКО, банктер, медицина мекемелері, т.б.) қызметкерлері және шағын, орта бизнес өкілдері (жеке кәсіпкерлер, дүкендер, шаштараздар, сұлулық салондары, дәріханалар және т.б.), сонымен қатар жеке тұлғалар да өтініш білдіріп қамтылуда.


Үстіміздегі жылы облыс бойынша 3 айлық курстармен қазақ тілі курстарына екі жарым мыңнан астам адам, ағылшын тіліне екі мыңға жуық адам, орыс тіліне қырық адам қамтылған екен.


- Қазіргі таңда кәсіпкерлік нысандарына «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы», «Жарнама туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңнама талаптары көрсетілген он алты мыңнан астам ақпараттық парақша, бес мың дана  "Тілашар" қысқаша сөздіктері таратылды. Қызмет көрсетудің түрлі салалары «Тілтану» жағдаяттық бейнероликтері әзірленіп, әлеуметтік желілерде жарияланды, - дейді Айнұр Қалиева.


Ақпаратқа сүйенсек, мемлекет ұйымдастырып отырған тегін орталыққа жазылу қиынның қиыны. Беріліп жатқан білімнің сапасы да төмен екені байқалады.


Таныстарымыздың арасында жүргізілген сауалнамаға көбі «баламызды ақша төлеп оқытқанымыз жақсы. Тегін білімнің қандай болатыны өздеріңізге мәлім. Сондықтан да, әрине тегін курсты таңдамаймыз», - деп жауап берді.

Осыған орай біз қалалық жеке меншік тіл орталығының біреуіне қарапайым ата-ана болып хабарласып көрген болатынбыз. 


Орталық маманы Зульфияның айтуынша, тегін орталықтан гөрі, ақысы төленіп алынған білімнің сапасы жоғары болады.

- Бізде тек қана кәсіби мамандар жұмыс жасайды. Балаңыз қазақ тілін мүлдем білмей келіп, сөйлеу деңгейі де, грамматикасы да жақсарып кетсе, еш таң қалмаңыз, - дейді орталық  маманы.


Айта кететін жағдай, ақылы білім орталығының "тарифін” қарапайым халықтың қалтасы көтермеуі мүмкін.

Жекелей айналысатын болсаңыз, балаға 3000 теңге, ал ересектерге 5000 теңге болады. Сондықтан елімізде көбірек тегін орталықтарының ашылса нұр үстіне нұр болатын еді.


Алайда, тілдер саясаты комитеті бізбен келіспейтін сияқты. Олардың беріп отырған статистикасына сүйенсек, халықтың  90,5 % қазақ тілін жетік меңгерген көрнеді.


Күлкілі... Сонда барлығы 19 млн халықтың 1,9 млн ғана қазақ тілін білмейді дейді. 
Бұл көрсеткіштің одан да жоғары екенін сіз бен біз анық білеміз.


Комитет ақшаны дұрыс бағытқа жұмсап отыр ма? Қарағанды облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма қазақ тілін телеарналарға жоба табыстап, бағдарлама шығартып дамытып отыр ма деген сұрақ көкейден кетпейді.

скачать dle 10.5фильмы бесплатно
Оставить комментарий
Яндекс.Метрика