Авторизация все шаблоны для dle на сайте newtemplates.ru скачать
Общественное
Интернет-телевидение
101tv.kz
 

Қарағанды облысында су тапшылығы өршіп тұр. Аймақта 175 ауылға әлі күнге дейін орталықтандырылған ауыз су берілмеген.

 Қарағанды облысында су тапшылығы өршіп тұр. Аймақта 175 ауылға әлі күнге дейін орталықтандырылған ауыз су берілмеген.

 

  

Қарағанды облысының кезекті көңіл көншітпейтін мәселесі - cу тапшылығы. Өзге естісе 30 жылда осындай да проблема бар ма деп таң қалатын шығар. Алайда, біздің облысымыздың көптеген аудандарында баяғы жартас - сол жартас. Аймақтағы орталықтандырылған аузы су мәселесі облыс әкімдігінің аппараттық жиналысында талқыланды.

Әрине, биліктегілер бұл мәселені шешу үшін барымызды салып жатырмыз деп ағынан жарылады.


Статистика бойынша, 1992 жылы облысымыздағы ауылдардың тек 32,6 %-ы ғана орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген болатын. Ал қазір, ауыл халқының 90 %-ы үшін бұл жағдай шешілген дейді-мыс жоғарыда отырған ағаларымыз.

Ендігі кезекте туындайтын сұрақ бар. Су тапшылығын көріп отырған елді мекендер халықтың он-ақ пайызын құрағаны ма? Мысалы алатын болсақ, Қарқаралы ауданының өзінде 29 ауыл тіршілік көзінсіз күнелтіп отыр.


Аудан әкімінің айтуынша, бұл ауылдарда тұрғын санының аздығынан.

- Аудан бойынша 32 ауылда орталық су жүйесі құрылған. Бұл халықтың 89 пайызын құрайды. 29 ауылдың бесеуінде екі жүзден астам тұрғын, 24 ауылда екі жүзден де аз халық тұрады, - дейді ол.


Облысымызда осы мәселе бойынша бірінші орынға ие  Шет ауданы. Бірінші орынға халықты жарылқап қойғанынан емес, сумен қамтамасыз ете алмай отырғандығынан ие болды.


Елді мекендегі жалпы халық саны  42 437 адамды құрайды. Орта есеппен алғанда жиырма мыңға жуық тұрғын өмір нәрін ала алмай отыр.


Аудан әкімі Мұхтаров Мұхит Сайлауұлы "бұл мәселе уақыттың еншісінде, жұмыстар атқарылып жатыр” дейді.

Алайда, 354 халқы бар Айғыржал ауылының тұрғындары әлі күнге дейін құдықтан су таситын көрнеді.

- Неше жыл болды осы мәселе бір шешілмейді. Тұрғыны аз деп менсінбейді ме, түсінбейміз. Су - тіршілік көзі. Қазір әзер күнелтіп отырмыз. Одан да басқа проблема жетеді. Бірақ, су біздің басты мәселемізге айналды, - дейді ауылының ертеңін ойлаған азамат Әділет.


Қараша халықтың уайымдайтын да жөні бар. Халық әупірімдеп жүріп күн көріп жүргені анық.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін де отандық телеарналар елді мекендегі жалғыз мектеп жабылады деп дабыл қаққан болатын. Сондықтан жергілікті тұрғындардың алаңдайтын жөні бар.


Біз бір ғана ауылдың мәселесін айтып отырмыз. Өздеріңіз білетіндей, осыған дейін Ақшатау кентінің тұрғындары суға жарымадық деп дабыл қаққан болатын.


Сондай-ақ, Айса ауылы талай жерге телмірдік, бармаған жеріміз, баспаған тауымыз қалмады дейді.

- Айсаға талай телеарна шақырттық. Халық шаршаған. Бос үміт керек емес. Жағдайымызды дұрыстап берсе дейміз. Президентке дейін шықтық. Еш өзгеріссіз қалып қойды. Айғыржал да Айса да халық саны аз болған соң үкіметтің назарынан тыс қалып отыр, - дейді Айса тұрғыны Жұлдыз.


Аудан облыс бойынша орталық су құбыры тартылмағандықтан бірінші орында. Демек, елді мекендердің көбі суға жете алмай отыр.


Аймақ басшысы қол астындағыларға 2025 жылға дейін облысымыз орталық су құбырларымен толықтай қамтылып, жүз пайыздық көрсеткішті көрсетуін міндеттеді.


Біздің редакция бұл мәселені өз назарында ұстайтын болады.

скачать dle 10.5фильмы бесплатно
Оставить комментарий
Яндекс.Метрика