Авторизация все шаблоны для dle на сайте newtemplates.ru скачать
Общественное
Интернет-телевидение
101tv.kz
 

«Аудан әкімі дегеніміз қызметкер, бұл сізге президент өкілі! Жай ғана ойыншық емес! Ал, экология бөлімі кімнің өкілі?»

 

 «Аудан әкімі дегеніміз қызметкер, бұл сізге президент өкілі! Жай ғана ойыншық емес! Ал, экология бөлімі кімнің өкілі?»

 

 

Қарағанды облысында саясижанжал орын алды. "Даудың басы - Дайрабайдың көк сиыры” демекші, бұл жолы экология департаментінің құрығына анау-мынау емес, Абай ауданының әкімі ілінді.


 

Бауыржан Асанов экологиялық заңнамаға сәйкес, ендігі кезекте айыппұлды өз қалтасынан төлейтін болады. Экология департаменті қазіргі таңда қажетті шаралар қолданылып, іс соттың қарауына тапсырылды дейді.


 

Экология департаментінің кезектен тыс тексеру жұмыстарын жүргізу барысында жергілікті жердің шамадан тыс ластанып, қоқыс жер астына көмілмей, ауылдан шыға беріске лақтырылып отырғаны анықталды. Осылайша Абай ауданының маңын толықтай заңсыз үйінділер басып қалған.


 

Бұл жәйт экология департаментінің назарын аударып, әкімшілік іс қозғауға мәжбүр еткен. Іс 344-бап яғни, қалдықтарды басқару жөніндегі экологиялық талаптарды бұзу бойынша қарастырылып жатыр. Қазіргі уақытта бізге сот ісі жүргізіліп жатқаны мәлім.

 

23 қыркүйек күні департаменттің бұрынғы бас маманы Айжан Ерболаева Абай ауданына кезектен тыс тексеруге аттанған болатын.

 

 

 

«Аудан әкімі дегеніміз қызметкер, бұл сізге президент өкілі! Жай ғана ойыншық емес! Ал, экология бөлімі кімнің өкілі?»

 

 

 

 

Маманның айтуынша ауданда барлығы 15 қоқыс полигоны бар. Алайда, оның тек біреуінде рұқсат қағазы бар көрінеді. Оның өзі Абайда орналасқан болса, Южный, Қарабас, Юбилейное, Курминское, Ақбастау, Сарепта, Самарқа, Есенкелді, Агрогородок, Құлайғыр, Көксу, Жартас жергілікті мекендерінде заңсыз үйінділер жетерлік.

 

Ерболаева ҚР ЭК-ке қарасты үш бірдей бап бойынша құқықбұзушылық анықтады.


 

Мәлім болғандай, қоқыс үйінділеріне әрқашан жауапты жергілікті билік екені кодексте тайға таңба басқандай көрсетілген екен.

 

Сондай-ақ, жоғарыда отырғандар үйінділердің көмілуі мен жойылуы туралы жеке жоспар құрып, оны бақылауында ұстауға міндетті.

 

Абай әкімдігі өз кезегінде тексеріс нәтижесімен келіспеді. Қазіргі уақытта басқа түскен мәселесіне қарамастан, аудан басшысы еңбек демалысында көрінеді.

 

Ал, оның орынбасары Мұрат Мағзин жағдайды түсінбейтінін және онымен келіспейтінін жеткізді.

 

– Ал, аудан әкіміне айыппұл салынады. Бұл дұрыс емес деп ойлаймын. Ол өз қалтасынан неге төлейді? Сосын келіп, қағазды алып, кім кінәлі екенін сұрайды, тізбектегі барлық бағыныштыларды жазалай бастайды. Аудан әкімі дегеніміз қызметкер, бұл сізге президент өкілі! Жай ғана ойыншық емес! Ал, экология бөлімі кімнің өкілі? Ол әкімді жазалай ма? Бұл дұрыс емес!

 

Мұрат Мағзин халықтың шағымынсыз-ақ, экологтардың бұны әдейі ұйымдастырып отыруы мүмкін дейді. Оның пайымдауынша, департаменттегілер осылайша жыл сайын әкімге айыппұл салмақшы көрінеді.


– Биылғы жылы жаңа полигонның жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге ғана аудан бюджетінен 26 миллион теңге бөлінді. 26 миллион теңге! Елестете аласыз ба? Тұрғын үй құрылысына 10 миллион теңге, жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге 8 миллионға жуық теңге бөлудеміз. Ал содан кейін полигонның жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге 26 млн. Дөрекі айтқанда, қоршау мен үшін үй жасау, - деп ашуға булықты әкім орынбасары.


 

Ол басқа елді мекендерге әкімдік тарапынан мұндай қаржы жұмсалмайтынын тілге тиек етті. Сондай-ақ,Қарағандыға қоқыс жөнелтуді жоспарлап отырғанын, сол жерде қоқыс өңдейтін ірі зауыт салғылары келетінін де айтты.

 

– Абайда 250, Топарда 115 көпқабатты үй бар. Мәселе тұрғындардың құзырында емес жоқ. Бірақ, ауылға полигонның керегі не? Онда бәрі пеште өртеліп жойылады! Неге бюджет ақшасын тиімсіз жұмсайды? Экология бөлімі түсінеміз бірақ, бұл заң дейді. Жарайды, соттассақ соттасамыз.


 

Алайда, Мағзин ауданда проблеманың бар екенін жасырмады. Бар полигондар толып қалғандықтан, жаңасын салу жоспарда бар. Бірақ, ауылдарға полигондар керек емес деп кесіп айтып отыр. Оның ойынша, жергілікті жерлерге қоқыс жәшікерін орнатса, бюджеттегі ақшаны үнемдеп, нақты қажетті затқа жұмсауға болады екен.

Бес жыл бойы аудан басқарып отырған Асановқа істі осыған дейін қолға алуға не кедергі болды деген сұрағымызға мардымды жауап ала алмадық.

 

– Соттың қандай шешім шығаратынын білмеймін. Екі жыл бұрын Экология департаменті тексеруге келген. Ол кезде мені жазаламақ болды, – дейді Мұрат Мағзин, – бірақ сот уәкілетті органдар жауап беруі керек екенін нақты айтты. Ол кезде тек ескерту ретінде қалған болатын.


 

Абай ауданының әкімдігі экология Департаменті еш шешім шығармау керектігін алға тартып, заңсыз үйінділерге қатысты дөңгелек үстел ұйымдастыруды ұсынды.


 

Заңсыз үйінділер облысымызда күні кеше пайда болған проблема емес. Экологтардың айтуынша, жер астында отыз гектарға жуық қоқыс жиналған. Абайдағы оқиға көпке сабақ болар ма екен?

 

Іс жүзінде жергілікті билік өз қалтасынан шығын шығарып, айыппұл төлеген уақыттың өзінде бұл басты мәселені шешуге септігін тигізеді ме?

 

Асанов мырза 291 700 теңге төлейді ме? Әлде орынбасары сияқты екі жыл бұрын жай ғана ескертумен құтылып кеткендей, жеңілдің астымен өтіп кетеді ма екен? Сот әділ шешім шығарып,«халық ұлына» қажетті жаза қолданар ма екен?


скачать dle 10.5фильмы бесплатно
Оставить комментарий
Яндекс.Метрика