Жазасын бір жыл жеті ай жиырма бес күн темір тордың ар жағында өтеген Бауыржан Әбдішевтің мерзімінен бұрын шартты түрде босату жайлы өтінішін Қазыбек би аудандық сотының судьясы қанағаттандырды. Енді қалған бір жыл төрт ай төрт күнін шартты түрдегі бақылауда өтейтін болады.