Авторизация все шаблоны для dle на сайте newtemplates.ru скачать
Общественное
Интернет-телевидение
101tv.kz
 

Қарағандыда «Таблиғи Жамағат» экстремистік тобының үш мүшесі сотталды

 
 
 Лаңкестік жасауға итермелейтін әрекеттер мен діни экстремизмді насихаттаған топты басқарған күдікті 2 жарым, қалғандары 2 жыл түрмеде отырғызылды деген үкім кесілді. Атап айтқанда, Айдын Шәкентаев пен оның екі сыбайласы Бауыржан Серіков, Мұрат Шөпеновтер өздеріне Муас, Қажеке және Усман деген рухани есімдерді таңып алған. Дегенімен тордың артында таңылғандар қылмыстарын ақыры мойындамады. Прокурорлардың айтуынша,  олар 2013 жылдан тиым салынған ұйымның Қарағандыдағы өкілдігін ашқан. Онымен қоса үгіт насихат арқылы қатарларын кеңейтпек болыпты. Экстремистердің осы өңірде Халифат құру жоспары да болған көрінеді. Алайда, кесілген жаза 2-2 жарым жылдан асқан жоқ. Десе де әрқайсысы 100 мың теңгеден аса айыппұл төлейтін болды.
 
скачать dle 10.5фильмы бесплатно
Оставить комментарий
Яндекс.Метрика