Егер сіз Майқұдық жайында көп естіген, бірақ ешқашан болып көрмеген болсаңыз онда елді мекен тарихының мұражайына баруыңызға болады. Қаламыздың ең танымал ауданы жайында халық арасында көптеген әңгімелер тараған. Және бүгінде бүкіл әлем Геннадий Головкин туып, ер жеткен Майқұдықтың бар екенін біледі.
Майқұдық тарихының мұражайы Қарағанды индустриалды-технологиялықколледжінде ашылды. Барлық экспонаттарды студенттер мен оқытушылар өз күштерімен жинаған. Мұнда тіпті жергілікті шұлық фабрикасының алғашқы өнімдері де қойылған. Фотосуреттер мен құжаттар, пионерлік галстук. Сондай-ақ мұнда мұрағаттық материалдар, Ұлы Отан соғысы кезеңінде Майқұдықтың қай ғимараттарында взводтар мен батальондар жасақталғаны және ауданда ауруханалар мен мектептер қалай бой көтергені жайында ақпараттар қойылған.
Мұрағат күн сайын жұмыс жасайды. Кіру тегін. Егер сіз музей жұмысының дамуына өз үлесіңізді қосқыныз келсе немесе экспонат сыйға тарқыңыз келсе колледж басшылығымен хабарласа аласыз.