Мен алғашқы шақырылым президентінің атқарған жұмысын атап өткім келеді. Олар материалды-техникалық базаны дамыту және біздің ардагерлерімізге көмектесу бағытында да жұмыстар атқарды. Еріктілік қызметті барлық Майқұдық бойынша жүргізді десе де болады. Біздің ардагерлер студенттеріміз оларға қиын жағдайда көмектескендері үшін колледж директоры ретінде маған алғыс сөздерін айтып, хат жазғанына қатты қуандым. Мен Дадабаев Фархат есімін мақтанышпен айтамын. Өкінішке қарай ол бізден кетіп қалды. Алайда оның көмекшілері Саша Бессонов, ағайынды Алпатовтар, Саша Файзуллин тамаша балалар. Ондай жастар көп, аттарын ұзақ атап өтуге болады. Олар да абаттандыру жұмыстарымен қатар біздің ардагерлерімізге көмектесті. Қариялардың саяжай учаскелерін қазып, азық-түліктерін де тасып беріп отырды. Олар үлкен өмірге еліміздің нағыз патриоттары болып аттанды. Сол себепті де мен осындай студентер көп болса, біздегі «Жігер» жастар ұйымының мүшелері көп болса, біздің жастарымыз өздерін жақсы сезінетін болады, біздің еліміз өзін жақсы сезінетін болады деп ойлаймын.
Колледж басшылығы қоғамдық жұмыстарға жастарды жұмылдыру олардың бойларында азаматтық ұстанымдарын қалыптастыратынына сенімді. Ең бастысы, президент сайлауының ашық және демократиялық түрде өтуі. Сол себепті де кез-келген студенттің көшбасшы болуға мүмкіндігі бар.
Қазбек Әбішев, тау-кен индустриалды колледжі студенттер кеңесінің президенті:
Әрине, таң қалдым. Мен көп адаммен таныс болмадым. Көпшілігі мені танымайды да. Әрине, колледждағы оқуымның соңғы уақытында өзімді көрсете білдім. Мен президент болуға лайықтымын деп ойлаймын. Менің барлық сипаттарым соған лайықты. Жалпы айтсақ, мен президет боламын деп ойламаған едім. Себебі, әбден лайықты кандидаттар болды. Олардың әрқайсысының өзіндік артықшылықтары болды. Олар менен еш кем еместін. Президент болғаныма қуаныштымын, енді барлық студенттердің игілігі үшін тырысатын боламын.
Енді президент үшін сайлау алды уәделерін орындау маңызды. Себебі, сайлаушылардың сенімі өте қымбат.