Авторизация все шаблоны для dle на сайте newtemplates.ru скачать
Общественное
Интернет-телевидение
101tv.kz
 

Қарағанды музыка мектебінің оқушылары ресейлік музыканттарды тамсандырды.

 
 

Қарағанды облыстық мамандандырылған музыка мектебі елу жылға жуық уақыт бойы дарынды балаларды өнерге баулып келеді. Оқу ордасының түлектері еліміздің және алыс-жақын шет елдердің жоғарғы оқу орындарында кәсіби білімдерін жалғастырады. Мектеп ұстаздарды өз түлектері жоғары білім алғаннан кейін алтын ұя мектептеріне қайтып оралып, жас ұрпақты тәрбиелеу жұмысына нәтижелі үлес қосатынын да мақтанышпен айтады.

 


 

Мектеп оқушылары үшін дәл осы қара шаңырақтың тәрбиеленушісі атану үлкен арман. Мұндағы тәлімгерлер музыка - ең алдымен өнер, ал музыкант – шығармашылық мамандық екендігін айтады. Шығармашылықтың адамдары ерекше, оларды басқару қиын және талап ету өте күрделі. Дей тұрғанмен нәтижеге қол жеткізудің басты факторы темірдей тәртіп екендігіне мұғалімдер ерекше назар аударады. Және де жақсы музыкант болу үшін тума талант пен музыкамен айналысуға мүмкіндік беретін табиғи қабілет керек. Кез-келген қызығушылығы мен қабілеті бар жастың талабын ұштап, дарынға айналдыру біздің міндетіміз дейді мұндағылар.

 

 

Гертер Сергей қазақ ұлттық оркестрінің жетекшісі, дирижер:

Балалардың бойына музыкаға деген махаббаты сіңіру өте маңызды. Бұл тек қана отбасында ғана емес, қоғамдағы, мектептегі байланыс барысында, жалпы барлық жерден берілуі керек. Өз отбасына, қоғамға, өзі туған жерге деген махаббат. Дәл осы Отанған деген махаббат кейін патриоттық сезімді қалыптастырады.


 

Мамандықты шынайы жақсы көріп, жан-тәнімен өз ісіне берілу керек. Өзіндік ерекшелік, көпшілікке ой салар, жүрекке жетер шығарма жасау. Сол кезде ғана музыкант секілді көп қырлы және қызықты мамандықта нәтижеге қол жеткізуге болады.


скачать dle 10.5фильмы бесплатно
Оставить комментарий
Яндекс.Метрика