Авторизация все шаблоны для dle на сайте newtemplates.ru скачать
Общественное
Интернет-телевидение
101tv.kz
 

Үкімет тұтынушылардың құқығы аяқ асты тапталмауы үшін омбудсмендердің көмегімен институт ашуды көздеп отыр.

 

Үкімет тұтынушылардың құқығы аяқ асты тапталмауы үшін омбудсмендердің көмегімен институт ашуды көздеп отыр.

 

 

Үкімет тұтынушылардың құқығы аяқ асты тапталмауы үшін омбудсмендердің көмегімен институт ашуды көздеп отыр. Бұл үкімет отырысында мақұлданды


Елімізде тұтынушыларға құқықтық көмек және бағыт-бағдар беретін институт ашылады. Бұл туралы Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин үкімет отырысында мәлімдеді.

 


Премьер елімізде тұтынушылардың бас мүдделерін қорғайтын ұйым болуы қажет деп есептейді. Сонда ғана сапалы тауарға қол жеткізу мен жұмыстар, қызметтерге сұраныс жоғары болатынын атап өтті.

 


- Пандемия кезінде электронды сауда қызметтеріне сұраныс күрт өсті. Сондықтан тұтынушылар құқығының бұзылуына жол бермеу үшін құқықтық нормаларды одан әрі жетілдіру қажет, - дейді Асқар Мамин.

Үкімет басшысы бұдан былай тұтынушы құқығын бұзғандар үшін үкімет жанынан ведомствоаралық кеңес құрылып, заңға бағынбағандар әкімшілік жазаға тартылатынын айтты.

 


- Омбудсмен институты тиімді басқарудың заманауи моделінің ажырамас бөлігіне айналды. Көптеген елдердің тәжірибесі тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі омбудсмен институтын енгізу қажеттігін дәлелдеді. Оның міндеті тұтынушыларға құқықтық көмек көрсету болмақ, - деді Үкімет басшысы.

 


Алайда, ҚР Тұтынушылар қауымдастығының төрағасы Жаслан Айтмағанбетов бұнымен мүлдем келіспейтінін жеткізді.

- Институт ішінде қоғам белсенділері болу керек. Ал, үкімет тарапынан тағайындалған сенімді өкілдері тұтынушы құқығын қорғамайды. Сондай-ақ, болып жатқан заңбұзушылықтарды олар айтпайды. Яғни жасырып қалады. Үкіметтегілер омбудсмендерді таңдап отыр.

 

Ол халықтан шығуы керек. Қазіргі таңда ел бойынша тұтынушылардың құқығын қорғайтын қоғамдық ұйымдар бар. Олар талай жыл бойы барлығын бақылап отыр. Қаншама жыл тәжірибесі бар адамдар. Тұтынушы құқығын шындықты айта алатын, нағыз проблеманы көріп жүрген адам қорғау керек, - дейді Аймағанбетов.

 


Шындығы сол, қашанда халықтың жан айқайын билікке жеткізетін адам халықтан шығуы керек емес пе? Аймағанбетов мырза егер де бірнеше жыл тәжірибесі бар қоғамдық ұйымдардан омбудсмен таңдалып алынбаса, біз көмек қолын созудан бас тартамыз деп отыр. Құқық қорғанбай, тек ақшаны желге шашу ма деп қорқады халық. Себебі, қараша тұтынушылардың құқығы қорғалмайды деп шағымданады.

 


Аймағанбетов Үкімет басшысы айтып кеткен электронды сауда жүргізетін азаматтардың өзі тұтынушы құқығын бұзып отыр деп есептейді. Рас. Себебі әлі жеткізілмеген тауар үшін толық құнын талап ететіндер көп. Осылайша сатып алушылар көп жағдайда алаяқтардың құрығына түсіп қалып жатыр.

Үкіметпен мақұлданған институтқа тәжірибелі мамандарды қабылдау керек екені сөзсіз.

скачать dle 10.5фильмы бесплатно
Оставить комментарий
Яндекс.Метрика