Авторизация все шаблоны для dle на сайте newtemplates.ru скачать
Общественное
Интернет-телевидение
101tv.kz
 

Интерактивті презентацияны қалай және не үшін жасау қажет?

 

Интерактивті презентацияны  қалай  және не үшін  жасау  қажет?

 
 
Эдьютон-2021 медиа сауаттылық  бойынша  инновациялық семинары  кезінде медиа  сауаттылық  жөніндегі  тренер, «Выбирай. Астана. Караганда»  журналының  бас  редакторы  және баспагер Татьяна  Голубцова төрт  бағдарлама  -  Canva, Buncee, Power Point, Prezi онлайн-нұсқаларында  интерактивті  презентация  құру   тәжірибесімен  бөлісті. Шын мәнісінде, олардың  саны  көп,  бірақ,  бұлар  ең негізгілері, технологиялық  жағынан   және ең  қарапайымы. «Жаңа  репортёр» шеберлік  класының  негізгі  тезистерін   келтіреді. 

Сізге  интерактивті  презентация  не үшін   қажет  болуы  мүмкін?  Татьяна  Голубцова  өзінің  тәжірибесінен   бір  мысал келтірді: «Мен  команда   құрамында  сериал  түсіру  жайлы  біздің   жоспарларымыз  жайлы  баяндайтын  презентацияны жасауда  жұмыс  істедім. Ол  бар  болғаны  бір  жарым  минутқа есептелген  болатын.  Бірақ,  ол  әділқазылар алқасына құлақ  тұндыратындай әсер  қалдырды.  Презентацияда  мен  жобаны  сеніп  тапсыруға  болатын  кәсіпқой  мамандардың  командасы  екенімізді  көрсететін видео  элементтер болды. 

Эдьютон – 2021  тәлімгері  презентация  жасауда   өзі  басшылыққа алатын  негізгі  қағидаттармен  бөлісті. 

1.Презентацияның  табысы тек   оның нысанына  ғана емес,  сондай-ақ  мазмұнына   байланысты   болады. 
2.Жұмыстың  басында  презентацияның   жоспарын   құрып алу  қажет. 
3.Ерекше, бірақ  аудитория  үшін  түсінікті   зат  жасап  шығару керек. 
4.Интерактивті  презентациялар ішіне  дыбыстар мен  бейнелерді  қоюға  мүмкіндік  береді.  Интерактивті  презентациялардың  артықшылығы – баяндау  логикасын  жоғалтпай, қайтып келіп, бастапқы слайдтан  еншілес  слайдқа  және керісінше қайтып   жасауға   болады (функционалы Prezi бағдарламасының  үлгісінде көрсетілген  болатын)

5.Әрқашан  да  autoplay  қосып, бейне  пішінге  ауыстыруға  болады. Не болмаса  слайдтардың  ауысу  жылдамдығын   жеке  қойып  отырып, слайдтарды қолмен  қосуға  болады.  Осылайша, мысалы, Buncee-те мынадай  шағын квиз   жасалған  болатын:  бірінші слайдта -  сұрақтар,  екіншіде – сарапшыға және оның  фотосуретіне  сілтеме  жасалатын  толыққанды  жауап.  Мұнда  сонымен  бірге,   буктрейлер  жасауға   болады.  
6.Бағдарламалардың  әрқайсысында  өзінің  артықшылықтары  бар. Олардың  әрқайсысын  пайдалануды  үйреніп  алу  оңай, олар  табиғи. Canva-да презентациядан  басқа флаерлер, түйіндемелер,  шақыру  қағиздарын, сториздерді  жасауға  болады. 

скачать dle 10.5фильмы бесплатно
Оставить комментарий
Яндекс.Метрика