Алты айға созылған Майқұдық жолдарының мәселесі әлі шешілмей тұр. Әнуар, «Восток 2» аялдамасы маңының тұрғындары жолдан өтудің өзі азап екендігін айтып, дабыл қағуда. Құрылысшылар жұмысты аяқтағанына бір айға жуық уақыт өтті.
Майқұдық тұрғыны Сәния Әбудың айтуынша жолдан өтерде тұрғындар зәрезап болатын көрнеді. -Жолдан жүгіріп өтеміз. Көліктер тоқтамайды. Белгінің жоқтығы қиын. Әсіресе қарттар мен балалар үшін алаңдаймыз,-дейді Майқұдық тұрғыны.
Қазіргі уақытта «Көгілдір тоғандар», «Восток 5» ықшам аудандарында жол белгілері ғана орнатылған. Ал, ала жолақтың «қарасы» да көрінбейді. Жаяу жүргіншілер 10-15 минут бойы көліктердің өтіп кеткенін күтіп тұруға тура келеді деп налиды. Тұрғындар осы жерде қайғылы оқиға орын алмаса екен деп тілеп отыр.