Авторизация все шаблоны для dle на сайте newtemplates.ru скачать
Общественное
Интернет-телевидение
101tv.kz
 

Туған жердің тарихы шығармашылық шабыт сыйлайды.

 
 

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын қаламыздағы мамандандырылған музыка мектеп-интернатыныңоқытушылары мен оқушылары өздеріңше насихаттауда. «Туған жер» бағдарламасы бойынша мектеп мұғалімдері шәкірттерін жергілікті музыка майталмандарының шығармашылығына баулуда. Жаңаарқа ауданынан асқақ арман қуып келген Дастан Көшмағанбеттің көздегені әнші болу. Қазақтың қара домбырасы арқылы жеткен музыкалық мұраны насихаттауды мақсат еткен ол бүгінде шеберлігін шыңдауда. Дастан әсіресе Ілия Жақановтың «Толағай» әні қатты ұнайтынын айтады. Себебі әннің тақырыбына айналған Толағай тауы Дастанның туған жеріне жақын орналасқан.

 


Дастанның ұстазы Үміт Болатқызы мамандандырылған музыка мектебінің тәжірибелі мұғалімі. Шебердің сыныбынан талай түлек үлкен сахнаға қадам басып, дәстүрлі ән өнерін халық арасына таратуда. Үміт Есмағанбетова шәкірті «Толағай» әнін өзі таңдап, үйретуді өтінгенін айтады. Себебі жас әнші өзі туып-өскен Жаңаарқа жеріндегі Толағай тауының тарихын өнері арқылы көпшілікке танытсам деп ниет білдірген.

 

Ал, Айнұр Жүнісова музыка мектебінің 12 сынып оқушысы. Домбыра сыныбында оқығанымен, қосымша жетігенді де меңгеріп келеді. Жас музыкант қазақ халқының ұлттық музыка аспабы саналатын жетігеннің нәзік әрі өте әдемі дыбысына ғашық болдым дейді. Жетіген фольклорлық ансамбльдерде қолданылады және көбіне бұл аспапта қыз балалар ойнайды. Айнұр жетігеннің шығу тарихы да терең екендігін айтады.


Мектеп директоры бұл бастаманың тәрбиелік мәні өте жоғары екендігін айтады. Жұдырықтай жұмыла кіріскен ұжым болашақ ұрпақтың бойында туған жерге деген махаббат пен Отанған деген патриоттық сезімді қалыптастыруда.


Биылғы оқу жылының алғашқы жарты жылдығында-ақ қара шаңырақ атанған музыка мектебінің жетістіктері біршама. Өнер ордасының 77 тәрбиеленушісі түрлі деңгейдегі байқауларға қатысып, 65 шәкірт лауреат, дипломант атанған. Олардың қатарында халықаралық бәйгелердің де жеңімпаздары мен жүлдегерлері бар екендігін айта кеткен жөн. Мектеп басшылығы бұл жетістік ұстаздардың тынымсыз еңбегі мен оқушылардың талмас талаптарының нәтижесі дейді.

скачать dle 10.5фильмы бесплатно
Оставить комментарий
Яндекс.Метрика