«Жастар дәстүрлі құндылықтар үшін». Дәл осындай атаумен Қарағандыда халықаралық форум өтуде. Басқосу барысында қоғам қайраткерлері, депутаттар мен облыс белсенділері зайырлы мемлекеттегі діннің әйелге қатысты тұжырымдары және діни радикализм мен экстремизм әсеріне жол бермеу мәселелерін талқылады. Әсіресе, діни радикалдардың қаруына айналған әйелдер қауымының, қоғамда, отбасында кемсіту көретін нәзік жандылардың мәселесіне баса назар аударылды.