Авторизация все шаблоны для dle на сайте newtemplates.ru скачать
Общественное
Интернет-телевидение
101tv.kz
 

Қарағандылықтардың «Артек» лагеріне саяхаты

 
 
Артек – кеңестік кезеңде туып-өскен кез-келген баланың арманы. Қара теңіздің жағалауында орналасқан әйгілі лагердің жұмыс істеп жатқанына 90 жыл болса да әлі күнге дейін әлемдегі ең беделді демалыс орны саналады. Бұл күні «Артекке» бару осыдан 30 жыл бұрынғыдан қарағанда да қиынырақ. Жолдама мектеп оқушыларына тек ерекше жетістіктері үшін ғана беріледі.

Дария мен оның сыныптастарының жолдары болды. Олар жаз маусымында үш апта Қырымдағы лагерде болып қайтты. Бұл жолдама шет мемлекеттердің оқушылары арасында орыс тілінен ұйымдастырылған халықаралық конкурстың жеңімпаздарына арналған сыйлық болды.
Конкурсты А.С.Пушкин атындағы орыс тілінің Мемлекеттік институты ұйымдастырған. Биылғы жылы үздік атану үшін 64 мемлекеттен қатысушы үміткерлер білімдерін сынады.

Дария мен оның достарының демалыстары үш күн бұрын ғана аяқталды. Алда, балаларды жаңа оқу жылы күтіп тұр. Үш аптаның ішінде балалар көптеген жаңалықтармен танысып, өздеріне өздері жауап бере алатын жасқа жеткендерін түсінгендерін айтады. Лагерде алған әсерлері мен энергиялары әлі бірнеше айға жетеді дейді қарағандылықтар.

Дария Нығметжанова,  № 97 гимназияның оқушысы:
«Артекте» көп достар мен өзімнің ең жақын, мейірімді құрбым Биатристі таптым. Оның жасы 13 те. Ол Италиядан келген. Сондай-ақ мен Хрустальныйдың өзінен де көп достар таптым.
Маған маусымның ашылуы мен жабылуында жағылған алау ерекше ұнады. Біздің жақын достарымыз елдеріне қайта бастағанда біз жыладық. Өзіміз де қайтып бара жатқанымызда көзімізге жас алдық. Көңіліміз түсті.

Сондай-ақ Дария итальян тілінде алғашқы сөздерін жаттап, жаңа құрбысына орыс тілін үйренуге көмектескенін де айтады. 
Дария – отбасының жалғыз баласы. Сол себепті де бұл сапарында оның ата-анасына өте ауыр болды. Олар өз балаларын алыс жерге ең алғаш жіберіп отырғандықтан қатты уайымдаған.

Нұрсұлу Айтмуханова, Дарияның анасы:
Маған, «Мама, мен ананы өзім, мынаны өзім жасадым» дегенде біз таң қалып, баламыздың бой жетіп қалғанына қуандық. 21 күнде мен одан сағындым, ішім пысты, үйге қайтқым келеді деген сөзді бір де бір естімедік.Ондай болған жоқ.

Дариямен бірге «Артекке» оның жеті сыныптасы мен орыс тілі мұғалімі Сания Бейсенғалиева да бірге барды. Ұстаздар арасындағы байқауда қарағандылық мұғалімнің біліктілігі аталып өтіліп, «Әдістемелік шеберлігі үшін» сыйлығымен марапатталған еткен. Қарағандылықтар халықаралық көрермендерді өздерінің ерекшеліктерімен таң қалдырып, «Ең жарқын команда» атағын иеленген көрінеді. Балалар шашу шашып, көпшілікке таратылған кәмпиттер әділқазылардың жоғары ұпай беруіне әсер еткен болар деп қалжындайды.

Сания Бейсенғалиева,  № 97 гимназияның орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі:
Оқушылар өз қабілеттірмен де көзге түсті. Бірі жүзуден, бірі шахматтан, ал енді бірі қол өнер шеберлігімен ерекшеленді. Балалар үшін экскурсия ұйымдастырлды. Олар Севастополь қаһарман қаласымен танысты, Ялтаға, Айвазовский саябағы мен сафари паркіне барды. Көлге түсіп, күнге қыздырынды. Денелерін де шынықтырды. Өзге мемлекеттерден келген балалармен достасты.

Орыс тілі институты осындай конкурстарды жиі өткізеді. 97 гимназияның оқушылары биылғы жылы жеңіске жеткен ең кішкентай қатысушылар болып, армандар орындалуы керектігін дәлелдеді. 
скачать dle 10.5фильмы бесплатно
Оставить комментарий
Яндекс.Метрика