Қарағандыда «Менің елім Мәңгілік Ел» атты Республикалық акция өтті. Жиынның негізгі бөлімі жастардың тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің жеткен жетістіктері жайындағы өтініш-тілектері жинақталған кітапты ел президентіне табыстау болып табылады. Ұйымдастырушылар акцияның басты мақсаты «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын, әсіресе жастар арасында Қазақстандық қоғамның құндылықтарын насихаттау екендігін айтады.