Авторизация все шаблоны для dle на сайте newtemplates.ru скачать
Общественное
Интернет-телевидение
101tv.kz
 

Шағын футбол, баскетбол мен волейбол спорттық ойындарынан облысымыздың үздік командалары анықталды.

 
 
Бүгін, 17 қазан күні спортты жанына серік еткен Қарағанды облысының жастарына «Жастар», «Basket Hall» және «Шұбаркөл көмір» спорт кешендеріне жиналып, күш сынасудың мүмкіндігі туды. Облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма өскелең ұрпақтың баскетбол, шағын футбол мен волейбол сынды спорт түрлеріне қызығушылықтарын арттыру мақсатында кезекті турнир ұйымдастырды. 
Жастар ұйымдары арасындағы облыстық турнир екінші жыл өтіп отыр және дәстүрлі жарысқа айналдыруды жоспарлап отырмыз. Биыл, спорттық дода Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып отыр. Турнирге Қарағанды облысының барлық қалалары мен аудандарының құрамалары,  «Жасыл ел», «Жас орда», «Қазақстан студенттер альянсы» секілді ұйымдардан да командалар қатысып отыр.
Әлжан АХМЕТОВ Қарағанды облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының балалар мен жасөспірімдер ҮЕҰ жұмыс бөлімінің жетекшісі
 «Жастар» спорт кешенінде өткен ашылу салтанатынан кейін мұнда жиналған жастардың қатары азая бастады. Аталмыш спорт ғимаратында ала доп қуатын спортшылар мен олардың жанкүйерлері ғана қалды. Қалғандары өздеріне бөлінген спорт кешендері бойынша тарқасты. Мәселен, волейболшылар «Шұбаркөл көмір» залын толтырып, «Basket Hall» кешеніне аты да айтып тұрғандай баскетбол ойыншылары жиналды. Турнир қатысушылары жалпы алғанда спорттық доданың ұйымдастырылуына көңілдері толатындығын жеткізді.
Бізге, «Нұр Отан»  «Жас орда» ұйымының атынан команда жасақтап, аталмыш турнирге қатысу туралы хат жіберді. Зал өте жақсы, доптары да кәсіпқой лиганың талаптарына сай келеді. Ұйымдастырылу жағы да өз деңгейінде. Ашылу салтанаты болса әдемі әрі ерекше болды.   
Сергей ИВАНОВ ҚарМТУ студенті
Жарысқа қатысушылар турнирде бақ сынау үшін Қарағандыға облысымыздың басқа аудандарынан келген спортшыларға арнайы автобустар жалға алынып, тасымалдағандарын да айтады.  
Біз үшін арнайы автобус бөліп, сегіз адамнан тұратын командамызды жаттықтырушымызбен қоса осында жеткізді.
Александра ЦЕМОХ Абай ауданынан келген волейбол командасының ойыншысы
Турнирге жалпы саны шағын футболдан 14 команда, баскетболдан 10, ал волейболдан 9 команда қатысты. Жарыс жеңімпаздарына облыс әкімінің кубогы мен естелік сыйлықтар табысталды. Турнир қорытындысы мен жүлделі орындар кестесі төмендегідей    

Шағын футбол
1 орын. Шахтинск қалалық ЖРО
2 орын. Нұра ауданының ЖРО
3 орын. «Жайдарман» ЖҰ

Баскетбол
1 орын. Саран қалалық ЖРО
2 орын. Саран Жастары
3 орын. Нұра аудандық ЖРО

Волейбол (қыздар)
1 орын. Теміртау қалалық ЖРО
2 орын. Абай аудандық ЖРО
3 орын. «Жас орда» кәсіподақ бірлестігі  

Волейбол (ерлер)
1 орын. «Жас орда» кәсіподақ бірлестігі
2 орын. Осакаровка аудандық ЖРО
3 орын. Қарқаралы аудандық ЖРО
скачать dle 10.5фильмы бесплатно
Оставить комментарий
Яндекс.Метрика