Авторизация все шаблоны для dle на сайте newtemplates.ru скачать
Общественное
Интернет-телевидение
101tv.kz
 

Үлкен өнертабысқа алғашқы қадам. Қарағандыда республикалық инновациялық идеялар байқауы өтті.

 
 
Республикалық инновациялық идеялар байқауы бүкіл Қазақстаннан жас дарынды өнертапқыштарды жинады. Байқау «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізіледі. Байқаудың басты мақсаты - ғылым мен техниканың әр түрлі салаларында ғылыми-зерттеу және өнертапқыштық жұмыстарға дарынды балаларды тарту. 9 аталым бойынша жылдың үздік 9 жас өнертапқышты анықталады.
Никита Джапаров - 9 сынып оқушысы. Ол байқауға Шығыс Қазақстан облысынан келген. Қарағандыда құрдастарымен достасып үлгергендігін айтады. Никита біздің түсірілім тобымызға өзінің дайындаған жобасы жайында қуана айтып берді.

Никита Джапаров, жас өнертапқыш: Жұмыстың барлық процесі дірілге байланысты. Дірілдің нәтижесінде тұқымдар осы ыдыстан көлденең орналасқан ыдысқа түседі. Бұдан кейін көлденең ыдысқа балшық түседі. Білек жұмысының нәтижесінде барлығы араласады, содан кейін дірілдің арқасында келесі көлденең ыдысқа түседі. Содан кейін тұқымдар көлбеу ыдысқа өтеді. Ол артық сазды бөліп алу үшін қажет. Балшықты қайта пайдалануға болады. Енді тұқымды кептіру және отырғызу ғана қалады. Бұл құрылғыны шағын шаруа қожалықтарында пайдалануға болады, себебі ол үлкен шығындар қажет етпейді.

Ал бұл Никита Титов. Глубокое кентінің жалпы техникалық моделдеу тобының студенті. Ол да Шығыс Қазақстан облысынан. Никита кранының жұмыс жасайтын үлгісін көпшілікке таныстырды. Бұл моделді басқару дағдыларын үйрену үшін көрнекі құрал ретінде пайдалануға болады.

Никита Титов, жас өнертапқыш: Кран айналуы үшін арнайы подшипникті әзірлеу қажет болды. Оны жону станогында өзім дайындадым. Сондай-ақ басқару пультін де жасап шығардым. Басқару панелі өте жақсы жасалды. Онда қосылғанда тұтқаларды бұғаттау орналасқан. Кем дегенде бір тұтқасы бейтарап қалыпта болмаса, қашықтан басқару құралы қосылмайды.

Ақтөбелік Алексей Волик көшіру-фрезерлі машинасы туралы әңгімелеп берді. Машина бірегей, дейді Алексей, себебі 4d сипатында. Сондай-ақ ол барлық бәсекелестерінен арзан құнымен басып озғандықтан нарыққа шығып, оңай сата аласыз. Және қарапайым материалдардан жасалған.

Алексей Волик, жас өнертапқыш: Тақтай кескіш, сызба тақтасы және фрезерлы машина. Бізде мульти, сондықтан оның гравировка және күйідіргіші бар. Біріншіден, менің жақсы шешендік қабілетім бар, екіншіден, жоба бүгінгі уақытымызда, әсіресе, Қазақстан үшін маңызды деп санаймын. Менің жобамды, әсіресе өнеркәсіпте, жүзеге асыруға болады, өйткені ол бірегей өнертабыстардың бірі болады және бұл өте ықшам. Бұл өндірісте көп көмектеседі. Дегенмен мұнда талантты балалар көп, Астанадан және Алматыдан балалар бар. Мен онда өте талантты адамдар бар екенін білемін. Мен үнемі сынап көріңіз деп айтамын, сәтсіздіктер әркезде кездеседі, бірақ ең бастысы - әрі қарай жұмысынды жалғастыру.
скачать dle 10.5фильмы бесплатно
Оставить комментарий
Яндекс.Метрика