Авторизация все шаблоны для dle на сайте newtemplates.ru скачать
Общественное
Интернет-телевидение
101tv.kz
 

Қарағандыда батыр ана жеті баласымен бірге далада қалды.

 
 
 Қарағандыда батыр ана жеті баласымен бірге далада қалды. Балалар үшін алатын он үш мың теңге жәрдемақы мен отағысының тапқан табысын қосқанда, 60 000 теңге кіріс қана кіреді екен. Аталған қаражат, балалардың киімімен тамағынан артылмайды дейді кейуана. Қалалық әкімішіліктің кезегінде тұрған Әсемгүл Жақұпова шенділерден көмек сұрайды. 2004 жылы көп балалы ана ретінде үй кезегіне тіркелген Әсемгүл Жақұпова 2012 жылы Қарағанды қалалық әкімшілігінен кезегін нақтылауға бас сұққан. Алайда, электрондық жүйеге тіркелінбей, тізімде аты жөнін таппаған. Кейін қайта үй алушылар қатарына ілігіп, бүгінде үш бір жүзінші  орында тұр. Күміс алқа мен алтын алқаның иегері атанған батыр ананың кенжесі бір жас тоғыз айда. Жолдасы көлік механигі болып қызмет атқарады. Жұмысы тұрақты болмағандықтан, жалақысы да бірде бар, бірде жоқ. Әсемгүл қырық жасына келгенде жеті баласымен далада қалам деп ойламапты. Бір кездері алтын алқа беріп, си құрметке бөленген жан, қала әкімшілігінен үміт үзген.
 
скачать dle 10.5фильмы бесплатно
Оставить комментарий
Яндекс.Метрика