Авторизация все шаблоны для dle на сайте newtemplates.ru скачать
Общественное
Интернет-телевидение
101tv.kz
 

“Крышасы жоқтарға” қиын болып кетті

 

“Крышасы жоқтарға” қиын болып кетті

 

 

 

 

"Крышасы жоқтарға” қиын болып кетті.  Соттар мен қалтасы қалыңдар елдің кәсібін бірлесіп тартып алып жатыр.

Соның бір дәлелі Ротэрмель Оксананың жерін заңсыз ЖШС иесі Попандопуло Юрийдің иемденіп алғандығы. Оксана Эдуардовнаның айтуынша Мемлекеттік органдардың барлығы да Попандопулоның заңсыз кәсіпкер екендігін мойындап отыр. Алайда, жерлерін кері қайтару оңайға соқпай тұрған көрнеді.


- Біз Жоғарғы сотқа барсақ, кіре де алмаймыз. Прокуратура заң сендер жақта дейді. Бірақ, ешқандай пайдасы жоқ. Жоғарғы сот төрағасы Асановпен кездесу мүлдем мүмкін емес,- дейді  Ротэрмель Оксана

Бірнеше күн бұрын митинг ретінде жоспарланған жиынды Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ұйымдастырушыларға ғимарат беріп, конференция ретінде өткізуді ұсынған. "Ел тірегі” партиясының жетекшісі Нұржан Әлтаев Президент аппараты, жоғарғы сот, бас прокуратура өкілдеріне шақырту жібергендігін айтады. Алайда, халық қызметкерлерінің бірде-біреуі конференцияда төбе көрсетпеді.

 

 

 

“Крышасы жоқтарға” қиын болып кетті

 



-Сот әділдігі мәселесін шешпесек, талай адам өлімі болады. Соттарды тағайындайтын халық емес, билік. Сот үкімі әділсіз. Билікке айтарым, осы жиын аяқталған соң, сот жүйесін әділ ету мақсатында шара қолдансын. Сол үшін петиция жіберетін боламыз,- деді "Ел тірегі” партиясының жетекшісі Нұржан Әлтаев.

Конференция барысында сотты халық сайлау керек екендігі туралы сөз қозғалды. Бір өңірде соттарды сайлап, пилоттық жоба ретінде бастау туралы ұсыныс та айтылды.


- Халық әділдік іздеп, жоғарғы сотқа жүгінеді. Ал, халықтың ісін қарамайтын болса ол көтеріліске шығады. Біз әлі талай айтамыз да, митингке де шығамыз,- деп уәде берді.


Көпшілік халық қазіргі жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановпен кездесе алмай жүргендігін алға тартты. Халықтың аузынан "Асанов мырзаға айтатыным сот жүйесіне реформа жасау қажет!” деген түспеді.

Қараша, жоғарғы сот төрағасына жете алмай, назын жеткізе алмай шырылдап жүр. Қарнымның ашқаыннан емес, қадірімнің қашқанына жылаймын деген осы шығар…

скачать dle 10.5фильмы бесплатно
Оставить комментарий
Яндекс.Метрика