Авторизация все шаблоны для dle на сайте newtemplates.ru скачать
Общественное
Интернет-телевидение
101tv.kz
 

«Оңайды» қолдану қарапайым халыққа оңайға соғар ма екен? Қоғамдық көліктерге төлем қабылдағыш терминалдар қашан орнатылады?

 

«Оңайды» қолдану қарапайым халыққа оңайға соғар ма екен? Қоғамдық көліктерге төлем қабылдағыш терминалдар қашан орнатылады?

 


Күні кеше Қарағанды қалалық мәслихатының  онлайн конференциясында бірталай ауқымды мәселелер талқыланды. Оның ішінде ұзаққа созылып кеткен қоғамдық көліктердегі жол ақы мәселесі.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін қаламыздағы қоғамдық көліктер толықтай корейлік «Smart Card» терминалымен жабдықталып, халық осы компанияның карточкалары арқылы жүріп-тұрған болатын.


Алайда, қуаныш көпке созылмай, 2020 жылдың желтоқсан айында инвестор мен тапсырыс беруші келісімшартты бұзған. Бұның себебі, жерлестеріміздің шағымы болды.


Кей тұрғындардың «Smart» карточкаға салған қаражаты тәуліктеп түсетіндігі не болмаса мүлдем түспей қоятындығы. Осыны салдар деп түсіндірген автопарк иелері дереу инвестормен арадағы шартты бұзған.

Қала әкімі Ермағанбет Бөлекпев қазан айында қаламызға жаңа төлем қабылдағыш орнатылатынын айтқан болатын. Ол алматылық «Оңай» компаниясы мен автопарктер арасында келіссөз жүргізіліп жатқандығын жеткізген.

Қалалық мәслихат жиналысында Қарағанды облысының Қоғамдық кеңесі қоғамдық бақылау комиссиясының төрағасы Құдайберген Бексұлтанов жауапты органдарға бірталай тапсырма берді.

Айта кететін жағдай, электронды төлем терминалын орнату 2015 жылдан бері «жүзеге асырылып» келеді.

Билік осы жылдың аяғына дейін алматылық «ONAY» төлем терминалдарын орнатамыз деп уәде етті.

Алайда, қарапайым төлем жасап үйреніп қалған халыққа, оның ішінде қарттар мен мүгедектерге келеңсіздік тудырмайды ма екен?


Тағы бір жайт, қолыңызда картаңыз болмаса, қоғамдық көлікте жүру ақысы 150  теңге болады.

скачать dle 10.5фильмы бесплатно
Оставить комментарий
Яндекс.Метрика