Авторизация все шаблоны для dle на сайте newtemplates.ru скачать
Общественное
Интернет-телевидение
101tv.kz
 

Қарағанды облысында «Қайнар» жастар байқауына іріктеу басталды

 
 
Сіз жас, креативті әрі таланттысыз ба? Онда жедел «Қайнар» байқауына қатысуға өтінім берініз! Арнайы комиссия келесі номинациялар бойынша лауреаттарды анықтайтын болады.
 «Жылдың жас көшбасшысы»
«Отан қорғаушы»
«Үздік жас мәдениет қызметкері»
«Жылдың жас жұмыскері»
«Жылдың жас ұстазы»
«Жастар саясатының дамуына қосқан үлесі үшін»
«Жылдың жас ғалымы»
«Жылдың жас медицина қызметкері»
«Ауыл шаруашылығының немесе агроөнеркәсіптік кешенінің ең үздік жас маманы»
«Үздік жас мемлекеттік қызметші»
«Шын жүректен»
«Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін үздік жасөспірімдер үйі»
«Үздік жастармен жұмыс жасау орталығы»

Байқауға қатысу туралы өтінімдер  2016 жылғы 25 қараша сағат 18.00-ге дейін мына мекен-жай бойынша қабылданады: Қарағанды қаласы, Құрылысшылар даңғылы 4, 204 кабинет. Толық ақпаратты Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығынан білуге болады: 8(7212) 40-21-33.

Қарағанды облысы әкімінің "Қайнар" жастар сыйлығы 2016 жылдың 8 желтоқсаны күні табысталатын болады.
скачать dle 10.5фильмы бесплатно
Оставить комментарий
Яндекс.Метрика