Авторизация все шаблоны для dle на сайте newtemplates.ru скачать
Общественное
Интернет-телевидение
101tv.kz
 

Қарағандыда ЖОО түлектері 30 мың теңге жалақыға жұмыс істеуге мәжбүр

 
 

Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы бойынша еңбекпен қамтудың ең төменгі көрсеткіші еліміздің төрт аймағында байқалады. Олардың қатарында Қарағанды облысы да бар. Бұл жөнінде үкімет отырысында денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді. Қарағандыда жұмысқа орналасу шынымен де қиын. Дипломы бар мамандар тәжірибе және де таныс-тамырдың жоқтығынан лайықты жұмыс табу мүмкін емес екендігін айтады.

23 жастағы технолог Қажыахмет Тастанбеков ҚарМУ бітірген. Қажыахмет жұмысты «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша тапқан.

 

 

Қажыахмет Тастанбеков, дипломы бар маман Жалақыны бізге жұмыспен қамту орталығы аударады, сол себепті де еңбек ақысы шамалы. Келісім шарт бойынша 38 мың, аударымдардан кейін қолға 30 мыңдай түседі. Бұл тым аз, мұндай жалақыға өмір сүру мүмкін емес. Таныс-тамырсыз, жұмыс тәжірибесіз еш жерге жұмысқа алмайды. Егер тәжірибен немесе танысын жоқ болса онда түк те шықпайды. Құрылысқа барып жұмыс істе, немесе тағы басқа жерге барып еңбек ет.

Политехтың кешегі түлегі – Бағлан Үсенбаев та «Жастар тәжірибесі» бойынша инженер болып жұмысқа тұрған. Аз мөлшердегі жалақысы бірді-бірге жалғау үшін зорға жетеді. Жас жігіт ағасымен тұрады, соның арқасында ғана 30 мың теңгені мүмкіндігінше бір айға жеткізудің реті келіп отыр дейді.

 

 

Бағлан Үсенбаев дипломы бар маман Мен 120 мың теңге көлеміндегі немесе одан да жоғары жалақы алып, өз мамандығым бойынша жұмыс істеуді қалаймын.

Сізден біліміңіз немесе дипломыңыз бар ма? - деп сұрады ма? - Жоқ, олар негізінен жұмыс тәжірибем бар-жоғын сұрайды. Мен тәжірибем жоқ екендігін айтамын. Олар «біз сізді қабылдамаймыз» деп жауап қайтарады. Тәжірибесіз ешқайда орналаса алмайсын, немесе таныс жоқ болғандықтан ба, менде таныс-тамыр жоқ.

Үсенбаевтың сөзінше, дипломның бар екендігі де жұмыс орнын иелену мүмкіндігін арттырмайды. Жоғарғы оқу орынын аяқтағаннан кейін берілетін құжат жұмыс берушілерді аса қызықтыра қоймайтын көрінеді. Алайда, еңбек нарығын сараптайтын және мониториг жасайтын бөлім жетекшісі Қарлыға Дүбірова көңіл қуантарлық статистика келтіреді. Жастар тәжірибесіне қатысушылардың барлығы дерлік практикадан өткеннен кейін өз мекемелерінде тұрақты жұмысқа орналасатын көрінеді.

 

 

Қарлыға Дүбірова еңбек нарығын сараптау және мониториг жасау бөлім жетекшісі 2015 жылы 614 адам жастар тәжірибесінен өтті, ал 2016 жылы – 621 адам. Жұмысқа орналасу жөнінде: өткен жылы тұрақты жұмыс орнына 93 пайызы орналастырылған. Ағымдағы жылы шамамен сол пайыздық көрсеткіш сақталуда. Дегенмен, әзірге «жастар тәжірибесі» аяқталған жоқ. Қорытындысы жыл соңында белгілі болады.

Еске сала кетсек, «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы Қазақстанның барлық аймақтарында осыдан 7 жыл бұрын жұмысын бастаған болатын. 2017 жылғы мемлекеттік бюджеттен Қарағанды облысында бағдарламаны жүзеге асыру үшін 117 миллион теңге қарастырылған.

 

 

Алмаз Мусабеков, Алексей Кочемасов, Александр Крикешев, 101 tv.kz. Караганда

 

 
скачать dle 10.5фильмы бесплатно
Оставить комментарий
Яндекс.Метрика