Авторизация все шаблоны для dle на сайте newtemplates.ru скачать
Общественное
Интернет-телевидение
101tv.kz
 

Жастарға жол ашық. Теміртау өз өнертапқыштарымен танылуда.

 
 
Теміртау политехникалық колледжі елімізбен қатар алыс-жақын шет елдердің көптеген аймақтарымен ұзақ жылдан бері мықты байланыс орнатқан. Білім ордасы нарықтық экономикаға бейімделудің қиын талаптарына шыдай біліп, талай жылғы тәжірибелі ұжымды сақтап қана қоймай ұстаздардың педагогикалық әлеуеттері мен материалды-техникалық базаны арттыруды да жалғастырып келеді. Колледж әкімшілігі өткен жылдардағы ең басты жетістік ретінде 28 мыңнан астам маман түлеп ұшқанын мақтанышпен айтады.
 

Колледж Білім және Ғылым министрлігінің Германияның Казақстанмен халықаралық ынтымақтастық қоғамы арасындағы келісім аясында «Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша немістің дуалды білім беру үлгісі негізінде дуалды оқытуды енгізу жобасын жүзеге асыру тәжірибелі инновациялық жұмысына қатысуда. Аталмыш мамандық бойынша білім ордасынан алғашқы 17 түлек шықты.

 


 

Колледж студенттері меншік бағдарламаларды құрастырып шығарушылар болып табылады.

 

Сондай-ақ колледж электрлік велосипед құрастырып шығарды. Ол толығымен немесе жартылай қозғалысты қамтамасыз ететін электрлі атқарушы элементімен жабдықталған. Электровелосипед мопед секілді. Қолдануы өте қарапайым, қозғалтқышы артық шусыз жұмыс жасайды және қоршаған ортаға зияны жоқ. Электровелосипедтер экологиялық таза көлік түрі болып табылады.

скачать dle 10.5фильмы бесплатно
Оставить комментарий
Яндекс.Метрика