Авторизация все шаблоны для dle на сайте newtemplates.ru скачать
Общественное
Интернет-телевидение
101tv.kz
 

Қарағандыда үздік пікірсайысшылар мен шешендер анықталды

 
 
«Жігер» жастар қозғалысы өкілдері мен колледж студентері арасындағы облыстық дебат турниры аймағымыздағы таланатты жастардың басын қосты. Турнир APD - American Parliamentary Debate жүйесі бойынша өткізілді. Облыстық дебат турниріне Қарағанды облысы колледждерінің студенттері де қатысты. Жалпы саны жарысқа 52 команда қатысты. Оның отызы орыс лигасында, жиырма екісі қазақ лигасында өнер көрсетті. Қатысушылардың жалпы саны 104 студент.
 
Александр Флегер студент:
Жастар арасында біз колледждер мен мектептер аралық турнир өткіземіз. Бұл жылына үш мәрте ұйымдастырылады. Сондай-ақ бізде университеттер арасындағы дебат ойынымен жаңадан танысып жүргендер қатысатын турнир бар. Бұл жетістіктер жастарға ашылуға септік етеді. Себебі біз кейде өзімізді толғандырған мәселелер жайында ашық айта алмаймыз. Сол үшін де дебат ойыны өткізіледі. Біз көп нәрселер жайында айтамыз, не айтып жатқанымызды жиі ойламыз, себебі сөздің үлкен күші бар. Дебат турниры қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өткізіледі. Бұл өз кезегінде өзгелерді де түсінуге мүмкіндік береді. Бүгінде дебат ойындарында резолюция қабылдау қиын, себебі әлемде көптеген нәрселер орын алуда, біз сол мәселелерді талқылап, ол жөнінде сөйлесіп, өз көзқарастарымызды білдіргіміз келеді.
 
Адам Алмазов студент:
Осындай турнирлер жиі өткізілсе деймін. Мен аймақтық колледж өкілі ретінде осындай ауқымдағы турнирлерге қатысқаныма өте қуаныштымын.
 
Жеңімпаздар мен үздік спикерлер диплом, медаль, кубок және сыйлық сертификаттарымен марапатталды. Сондай-ақ оқушыларды дебат турниріне дайындаған жетекшілер де алғыс хаттарымен марапатталды. Барлық қатысушылар сертификат иеленді.
 
 

Турнир қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:

Қазақ лигасы

I орын: «ЗАҢҒАР» тобы, Қарағанды политехникалық колледжі:

1. Махантуреева Аниз;

2. Қонақбаев Дамир.

ІІ орын: «СӨЗ ЖОҚ» тобы, Қарағанды гуманитарлы колледжі:

1.Қиянбекова Несібелі;

2.Аманжолова Балжан.

ІІІ орын: «ГИППОКРАТ» тобы, Медицина колледжі Балхаш қ.:

1.Иманова Аружан;

2.Жұмағазы Ғабит.

 

Үздік спикер:

Махантуреева Аниз - Қарағанды политехникалық колледжі

 

 

Орыс лигасы

І орын: «БӘЙТЕРЕК» тобы, Қарағанды агротехникалық колледжі:

1.Пилипишина Валентина;

2.Раструбин Денис.

ІІ орын: «ТВИКС» тобы, Жезқазған политехникалық колледжі:

1.Рощупкин Павел;

2.Качкова Маргарита.

ІІІ орын: «ЗВЕЗДА» тобы, «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжі:

1.Цой Софья;

2.Каширин Кирилл.

Үздік спикер:

Төленді Согдиана – «Болашақ» Қарағанды маңызды білім беру колледжі

скачать dle 10.5фильмы бесплатно
Оставить комментарий
Яндекс.Метрика