Авторизация все шаблоны для dle на сайте newtemplates.ru скачать
Общественное
Интернет-телевидение
101tv.kz
 

Пікірсайыс сәнде! Қарағандыда мектеп оқушылары арасындағы дебат турниры өтті.

 
 
«Мұрагер» мамандандырылған мектеп-интернатында Қарағанды облысының мектеп оқушылары арасындағы дебат турниры өтті. Шара ҚР Тұңғыш Президенті күніне орайластырылған. Ұйымдастырушы Қарағанды облысының білім басқармасы мен «Сарыарқа дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталық. Турнирге 120-ға жуық 8-10 сынып оқушылары қатысты. Пікірсайысшылардан жасақталған командалардың 22-і орыс лигасында өнер көрсетсе, 15-і қазақ лигасында сөз таластырды. Шараның басты мақсаты оқушылардың зияткерлік қабілеттерін дамыту, жастардың бастамаларына қолдау көрсету және көпшіліктің алдында сөйлеу, шешендік шеберліктерін арттыру болып табылады.  

Саят Балмакаев, «Сарыарқа дарыны» АҒПО қосымша білім беру бөлімінің жетекшісі: Шараны ұйымдастырушы Қарағанды облысының білім басқармасы осындай шаралар арқылы болашақ ұрпақтың бойында зияткерлік, шығармашылық, ізденімпаздық қабілеттерін дамытуды мақсат етеді. Себебі, осындай жарыстар олардың сын тұрғысынан ойлау, креативті ойлау мүмкіндіктерін арттырады. Ең алдымен балалардың өздеріне қызықты болатын шараларды ұйымдастыру өте маңызды. Жыл сайын пікірсайыс жарыстардың танымалдылығы артып, дамып келе жатыр деп ойлаймын.

Турнирдың мақсаты пікірталас жүргізіп, өз көзқарасын дәйекті түрде дәлелдей алатын жас көшбасшыларды анықтау болып табылады. Өз кезегінде олар облыс мектептерінде дебат қозғалысын дамытатын болады. Турнирдің тапсырмалары:
Ø Қазақстандық патриотизмді дамыту;
Ø Жастардың бойында азаматтық белсенділікті, жауапкершілікті қалыптастыру, шығармашыл және сыни тұрғыда ойлауға баулу;
Ø Пікірсайыс және бәсеке ережелерін түсіндіру, шешендікке баулу, даулы мәселелерді дипломатиялық түрде шешуді үйрету.  
Турнир қарарлары:
Ø Қазақстандағы үлкен футболды дамытуға модернизация керек.  
Ø Қазақстан мектептеріндегі үштілділік ақталған шешім.
Ø Балаларға 12 жастан жұмыс жасауға рұқсат берілуі керек.
Ø Мемлекет саған ештеңе міндетті емес
Ø Қазақстанда 16 жасқа дейінгі балаларға фастфуд жеуге тиым салынуы керек.

Айта кету керек, аталмыш турнир жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылады. Барлық жеңімпаздар медалдармен, кубок және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Қатысушыларға сертификаттар табысталып, мұғалімдер балаларды дайындағандары үшін алғыс хаттармен марапатталды.  

Александра Щебентовская, "Үздік спикер" номинациясы бойынша жеңімпаз:
Бұл алдымен менің тіл байлығымды, шешендігімді дамытады. Кез-келген пікірталас барысында сен өзінді сенімді түрде ұстай аласын. Бұл күнделікті өмірде өте қатты көмектесіп жатады. 

скачать dle 10.5фильмы бесплатно
Оставить комментарий
Мы в соцсетях
  • Вконтакте
  • Facebook
  • Twitter
Яндекс.Метрика