Авторизация все шаблоны для dle на сайте newtemplates.ru скачать
Общественное
Интернет-телевидение
101tv.kz
 

Теміртау қаласының студенттері бірегей электрвелосипедін құрастырып шығарды.

 
 
Теміртауда өткен дуалды оқыту бойынша халықаралық кеңес жұмысы барысында қолданылған велосипедтерді қайта құрастыру жобасы аясында неміс және қазақстандық студенттердің бірлесіп құрастырған бірегей электрвелосипеді көпшіліктің назарына ұсынылды. Модель қуаты төрт сағатқа жететін, қайта қуаттандыруға болатын батареямен және электр қуатын мен велосипед жылдамдығын көрсететін дисплеймен жабдықталған. Максималды жылдамдығы сағатына 35 шақырымға дейін. Қозғалтқыштың бар екеніне қарамастан, адамның педаль арқылы басқару мүмкіндігі де бар.

Серік Солтанбеков, Теміртау политехникалық колледжінің өндірістік оқыту бойынша аға шебері:
Германияда мұндай велосипедтер құрастыру жұмысы өте дамыған. Қазақстанда енді ғана басталды, тіпті велосипед жолдары да жоқ деп айта аламыз. Әзірге үлкен қалаларда ғана қолға алынған жобаның уақыт өте келе маңыздылығы артатынына сенімдімін. Бұл қоршаған ортаға зиян келтірмейді, отын жұмсалмайды. Және адам денсаулығы үшін өте пайдалы. Себебі адам үнемі физикалық қозғалыста болады. Басқаруы өте оңай, тіпті қарт адамдар да бұл көлікті басқара алады.

Велосипедтің өзі Ресейде жасалған, ал оның құрамдас бөліктері Германиядан сатылып алынды. Мұндай темір тұлпардың бағасы қымбат екендігі рас. Мың еуро. Бірақ, жоба авторларының айтуынша, электрвелосипед сол бағаға тұрарлық. Ал олардың неміс әріптестері бұл бағаның арзан екендігін айтып таң қалған.

Серік Солтанбеков, Теміртау политехникалық колледжінің өндірістік оқыту бойынша аға шебері:
Германияда қарапайым велосипедтің өзі өте қымбат. Бұл Ресейлік өндірістің арқасында Қазақстанда арзанырақ. Германияда бұл сома 3000 евродан басталады. Сіз 1000 еуромен бізді таң қалдырдыңыз. Немістер тіпті арзан деп айтады. Уақыт өте келе бұл велосипедке жетуге үміттенемін. Бұл велосипедпен кем дегенде бір рет сапарға шыққан адам осы велосипедті таңдайды.

Бұл Қарағанды облысында колледж оқушылары құрастырып шығарған электрвелосипедінің алғашқы үлгісі. Серік Солтанбековтың айтуынша, егер тұтынушылардан сұраныс түссе олар өндірісті жолға қойып, осы моделді нарыққа шығаруға дайын.

 
 
скачать dle 10.5фильмы бесплатно
Оставить комментарий
Яндекс.Метрика