Авторизация все шаблоны для dle на сайте newtemplates.ru скачать
Общественное
Интернет-телевидение
101tv.kz
 

Қарағандылық жас өлкетанушылар республикалық форумда үздік атанды

 
 

Тоғызыншы сынып оқушылары Амалия Бислингер мен Диана Жасымбекова бірнеше апта бұрын ғана танысса да бүгінде қатты достасып кеткен. Қыздар екі бөлек мектепте оқығандарымен оларды ортақ қызығушылықтары: өлкетану мен экология мәселелері жақындастырады. Биығы жылы қос құрбы Орал қаласында өткен «Қазақстан – менің елім» жас табиғат зерттеушілері форумына қатысты. Амалияның жобасы «Құс қанатындағы арман» номинациясы бойынша бірінші орынды иеленді. Форумға жасап, ұсынған оның құс үйшігін әділқазылар жоғары бағалаған.

 

 

 

Амалия Бислингер, №48 мектептің оқушысы:

Менің жұмысым қасыластарыма қарағанда функционалдырақ болды. Менің жұмыстарымның сырт келбеті ерекше тиімді көрінді. Бұл жұмысқа мен бір күнімді жұмсадым. Қажетті материалдарды алу және жасауға.

 

 

Ал, Диананың әлеуметтік-экологиялық жобасы «Отан неден басталады» деген атауға ие болды. Бұл жұмыс «Туған өлкемізді зерттейміз» аталымы бойынша үздік үштікке енді. Диана, Отан шағын дүниелерден басталатынын айтады. Және әркім оған қамқорлық көрсетуге міндетті. Ол үшін үлкен қаблет керек емес, қарапайым қоқысты жәшікке тастау, өзгелермен қарым-қатынаста толерантты және мұқият болу осы ғана жеткілікті дейді.

 

 

 

ДианаЖасымбекова, №51 мектептің оқушысы:

Отан деген мен үшін мен мақтана еске алатын атаулар. Ол менің елім, менің Қазақстаным. Туған жерім – Қарағанды. Мен осында тұрып, білім аламын. Бұл қала мен үшін үлкен маңызға ие.

 

 

 

Мектеп оқушылары болашақта өз өмірлерін қоршаған ортаны қорғау қызметіне арнауды арман етеді. Екеуі де бұл сапар көпшіліктің алдында өз-өзінді ұстауды және өз идеянды көп адамға сенімді түрде таныстыруды үйреткенін айтады.

 

 

 

Мейрамгүл Жакешова, «Сарыарқа дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының зертхана меңгерушісі:

Білім басқармасы бірнеше жыл бойы «ЭКСПО 2017» көрмесіне арналған байқау ұйымдастырып келеді. Алғашқы жылы 26 ғана жұмыс болса, оның көпшілігі рефераттық үлгіде болды. Қазір, 87 жұмыстан астам жоба және оның үшеуі бойынша биылғы жылы патент алуға өтінім бердік. Қазір біз өз жұмыстарымызды қалай жүзеге асыру керектігін, өндіріске қалай айналдыруға болатынын жайлап үйреніп келеміз.

 

 

 

Мектеп оқушылары өз жобаларын тіпті халықаралық деңгейде де өндіріске айналдыра алады. Бұл сапар барысында Амалия мен Диана көптеген қалалардан келген балалармен танысты. Және жас өнер тапқыштардың ойларына тағы қандай иедялардын келетінін кім біледі.

скачать dle 10.5фильмы бесплатно
Оставить комментарий
Мы в соцсетях
  • Вконтакте
  • Facebook
  • Twitter
Яндекс.Метрика