Авторизация все шаблоны для dle на сайте newtemplates.ru скачать
Общественное
Интернет-телевидение
101tv.kz
 

Жүзден жүйрік! Қарағандылық мектеп оқушылары Лондонды бағындырды.

 
 
Қарағандылық мектеп оқушылары Әлібек Жарылғапов пен Біржан Құлманов Лондон қаласына барып, Кренфилд зерттеу Университетімен танысып қайтты. Көлік қатынастары және байланыс саласындағы Республикалық конкурста жеңіске жеткен жерлестерімізге ұйымдастырушылар осындай сыйлық жасапты.
 
Мейрамгүл Жакешева, «Сарыарқа Дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының маманы:
Конкурс ЭКСПО халықаралық көрмесі аясында Назарбаев Университетінде өтті. Сайыс ережесіне сәйкес жеңімпаз Лондон қаласына аттану мүмкіндігіне ие болды. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар тапсырмалар орындайтын екі кезең қортындысы бойынша анықталды. Барлық тапсырмалар ағылшын тіліне болып, нәтижесінде қарағандылық оқушылар Әділет министрлігі мен Эйр Астана компаниясы демеушілік жасаған сапарға жолдама алған 36 баланың тізіміне енді.

Қарағанды облысы мен өз мектептерін халықаралық деңгейде көрсету құқығын иелену үшін аймағымыздың оқушылары Қазақстанның әр өңірінен келген 16 командамен сайысқа түсті. Авиация өндірісі саласындағы түрлі тапсырмаларды орындаудың нәтижесінде аталмыш саладағы Европадағы ең ірі ғылыми-практикалық орталық «Кренфилд» Университетінде тағылымдамадан өту мүмкіндігі мен жүлделі орын иеленді.

«Кренфилд» Университеті сынды білім беру орталықтары елімізде жоқ екендігіне қарамастан қазақстандық оқушылар дайындық деңгейі бойынша шет елдік достарына ұтылмау үшін барын салды. Бұл жетістік балалардың табиғи дарыны мен ұстаздардың еңбегінің арқасында ғана мүмкін болды. Батыс-европалық орталықтардың жұмысы теория мен практиканы ұштастыру негізінде құрылған. Бұл отандық білім беру жүйесін қандай бағытта дамыту қажеттігінің үлгісі.
скачать dle 10.5фильмы бесплатно
Оставить комментарий
Яндекс.Метрика