Авторизация все шаблоны для dle на сайте newtemplates.ru скачать
Общественное
Интернет-телевидение
101tv.kz
 

101 карагандинец #40. Қарағанды облысында самбо, дзюдо күрес түрлері жақсы дамыған.

 
 

Самбо күресінен әлем чемпионы, дзюдо, самбо күрес түрлерінен халықаралық, республикалық жарыстардың бірнеше мәрте жеңімпазы Айдан Дартаев биылғы жеткен жетістіктері және алдағы жоспарларымен бөлісті. Сонымен қатар самбо мен дзюдо күрестерінің ерекшеліктері мен аймағымыздағы күрес түрлерінің дамуы жайында да ой бөлісті.

 

Айдын Дартаев, самбо күресінен әлем чемпионы:

 

Биылғы жылды қандай жетістіктермен қорытындылап отырсын? Келесі жылға қандай жоспарларын бар?

Самбо күресінен ҚР біріншілігін ұттым. Әлем чемпионатына қатыстым. Дзюдо күресінен Батыр Сейсенбаев атындағы халықаралық турнирде жеңімпаз атандым. ҚР конфедерация кубогын жеңіп алдық. Келесі жылы ҚР чемпионатын және дзюдо күресінен «Гран-при», «Гранд слэм» турнирларын ұту. Самбо күресінен Азия ойындары болады, соған жолдама алып, жарыстың жеңімпазы болсам деген мақсаттарым бар.

 

Не себепті сен дзюдо күрес түрінен самбоға ауыстын?

Самбо күресі олимпиадалық спорт түрі болмағандықтан қазіргі таңда дзюдо күресімен айналысуды бастадым. Кішкенай кезімнен самбо күресімен де дзюдо күресімен де айналысып, шұғылдана бастағам. Кейін өсе келе самбо күресін таңдап, одан кейін қазір дзюдо күресіне ауыстым.

 

Сен үлгі тұтатын спортшылар бар ма? Кімнің жетістігін қайталасам дейсін?

Самбо күресінен төрт дүркін әлем чемпионы Ерболат Байбатыров деген ағамыз бар. Сол ағамыз секілді самбо күресінен бірнеше рет әлем чемпионы болсам деймін. Дзюдо күресіне келетін болсақ, Ержан Шынкеев, Максим Раков және де басқа да мықты дзюдошы ағаларымыз бар. Солар сияқты дзюдо күресінің майталманы болсам деймін.

 

Самбо күресі мен дзюдо күресінің қандай айырмашылықтары бар?

Самбо күресін айтатын болсақ, мұнда аяқтан ұстау бар, аяққа ауырту әдістерін де жасауға болады. Және де бес минут толық күресесін. Ал дзюдо күресіне келетін болсақ, дзюдо күресінің ерекшелігі ол жерде аяқтан ұстау және де ауырту әдісі де жоқ. Бірақ қылқындыру әдісі бар.

 

Қарағанды облысында дзюдо мен самбо күрес түрлері қаншалықты дамыған? Сарыарқа күрес мектебінің деңгейін қалай бағалайсын?

Қарағанды облысы самбо күресінен де дзюдо күресінен де ақсап тұр деуге келмейді. Себебі, самбо күресінен бұрыннан бері Қанат Байшолақов, ағайынды Байшолақовтар бар. Одан кейін бертін келе Қанжанов Бейімбет және де тағы басқа да әлем чемпиондары шықты. Ал дзюдо күресіне келетін болсақ Максим Раков - ең бірінші әлем чемпионы болды. Ержан Шынкеев те мысалға жақсы дзюдошы. Екі спорт түрі де Қарағанды облысында жақсы дамыған.

скачать dle 10.5фильмы бесплатно
Оставить комментарий
Мы в соцсетях
  • Вконтакте
  • Facebook
  • Twitter
Яндекс.Метрика